Жол туралы жыр

Жол туралы жыр

Мысалы, Қарағанды – Бал­қаш тасжолындағы қар­балас жұмыс қыс мезгілі­нен кейін жақында ғана басталды. Себеп – каран­тин. Әрине, жыл он екі ай жұмыс істеуге Қазақ­стан­ның ауа райы қолайсыз. Сондықтан жазғы-күзгі уақытты тиімді пайда­ла­нып қалу керек. Ал басқа жолдар жұмысының ба­рысы қалай? Қазір бірне­ше жол ақылы. Дегенмен теңгені қалтасына бас­қан­дар, қысты­гүні өз әлсіз­дігін білдіртіп қойды. Уа­қытында қар тазаланбай, жолдар жабылып жатты. Осы жұмысқа жауапты бірнеше мекеме айыппұл арқалап, ескерту алды. Болды! Ал неге олардың орнына басқа тәжірибелі де әлеуеті бар кәсіпорындар келмейді?  

Биыл бітеді...

Ақылы автобандар қатарына кіруі мүмкін «Нұр-Сұлтан – Пет­ро­павл» автожолының төрт жо­лақты, ұзындығы 7 шақырымдық учаскесіндегі жұмыстар 2020 жыл­дың күзінде аяқталады деп жоспарланған. Айта кету керек, автожолдың жалпы ұзындығы – 324 шақырым. «Нұр-Сұлтан – Петропавл» ав­тожолының 282-289 шақыры­мындағы қайта жаңарту жұмыс­тары 2019 жылы қолға алынды. Жоба бойынша тасжол толық төрт жолақты болады. Бас мер­ді­гер – «Казахдорстрой» ЖШС. Биыл жолдың оң жағынан 6,5 шақырым жол телімі, сол жағынан қиыршық тас-мастикалық қос­падан жол жабынының 6,5 шақы­рым жоғарғы қабаты төселеді. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 69 жаңа жол бел­гісі мен қоршаулар орнату жос­парланған. Учаске бойынша 39 жол-құрылыс техникасы, 120 білікті ма­ман жұмылдырылған. Бір қуан­тарлығы, олардың 60 пайызы жер­гілікті тұрғындар.   Ал 2023 жылы толық аяқта­лады деген, құны – 242 млрд теңге Қарағанды – Балқаш арасындағы 363 шақырым жол 5 учаскеге бө­лінген. Бас мердігер – түрік және қытай компаниялары. Құрылыс басында шамамен 2 мыңға жуық адам еңбек етуде. 850 техника жұ­мылдырылған. Құлмахан Есілбек, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ҚОФ ди­ректорының орынбасары: – Биыл жол жөндеу жұмыста­ры кеш басталды. Себеп – каран­тин. Жұмысшылар әр аймақта тұрады. Келер жерлері алыс. Одан соң анализ тапсырып, өткізу құжатын дайындағанша біраз уақыт кетеді. Бірақ қазір бәрі шешілді. Адамдар келіп жатыр. Мұнда жұмысқа кедергі болмас үшін санитарлық талаптар қатаң сақталады. Сондықтан болар, осы күнге дейін учаскеде бірде-бір науқас тіркелмеді. Қазір олар екі ауысыммен тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеп жатыр. Жоба жетек­шілері құрылыс сапасына кепілдік беріп отыр, – дейді. Жол құрылысына жауапты мамандар төрт жолақты авто­банның екеуі биыл ашылатынын айтады...  

Ескертпеге елең етпес...

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» бас­шылығына он шақты мәрте ескерту жіберген. Себеп: жол жөн­деудегі кемшіліктер, жолдағы үлкен шұңқырлар, жол белгіле­рінің болмауы, сондай-ақ жол бо­йындағы қисайған қоршау­лар­дың уақытында түзелмеуі. Жол полиция қызметкерлері қар тазарту жұмыстары мен мұзға қарсы қолданылатын материал­дардың уақытында себілуін де қадағалап отырған. «ҚазАвтоЖол» атқаруы тиіс осы жұмыстарда арыз-шағымдар көп болған. «Облыс жолдарының жағдайын қатаң және уақытылы бақылау тек жол қауіпсіздігіне ғана әсер ет­пейді, сонымен қатар оны қада­ғалайтын мекеменің жауапкер­шілігін де арттырады», – дейді Жам­был облысы ІІД бастығы Арман Оразалиев. Жыл басынан бері жол қауіпсіздігіне енжар қа­рағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ком­паниясының жергілікті филиа­лында еңбек ететін 18 басшы әкімшілік жауапкершілікке тар­тылыпты. Бұл мысал еткеніміз бір ғана облыстағы жағдай. Дегенмен осындай олқылықтарды әр ай­мақтан табуға болады. Бұл не сонда? Жұмысқа деген селқостық па? Әлде, бюджеттен түскен қаржыны алып отыра береміз деген арам пиғыл ма?    

30 жылдан бері жөндеу көрмеген...

Биыл жылдар бойы шешімін таба алмай келе жатқан, ой-шұ­қырлы Қызылорда – Жезқазған және Жезқазған – Қарағанды жол­дарында да жөндеу жұмыс­та­ры басталады. Мысалы, Қызыл­орда – Жезқазған тасжолы 30 жыл­дан бері жөндеу көрмепті. Атал­ған жол туралы Ерғали Бек­теміров, жүк көлігінің жүргізушісі: – Жаңбыр жауғанда бұл жолдың 1-2 күн кепкенін күтіп жа­тасың. Арнайы техника келіп шығарса, шықтың, шығармаса, аш қалып, әйтеуір амалдап, өзің шығасың. Негізі, осы жолды жа­саса дұрыс болар еді. Көлік сынып қалса, жолда тұрып қаламыз. Жезқазған қаласына дейінгі жол­дың жартысына жуық бөлігіне ғана осыдан 30 жыл бұрын асфальт төселіпті. Күрежолдың қазіргі жағдайы, тіпті сын көтермейді. Төбеден снаряд жауғандай шұрық тесік. Бір жыртығын жамаса, екіншісі пайда болады, – дейді. Айта кету керек, Қарағанды об­­лысының әкімі Жеңіс Қа­сым­бек: – Біз үшін ұзындығы 720 ша­қырым «Жезқазған – Қызылорда» автожолының құрылысы маңы­з­ды. «Нұрлы жол» бағдарла­ма­сы­ның жаңа бесжылдығы аясында биыл жол құрылысына кірісу жос­парланып отыр. Ол 2025 жы­лы аяқталуы тиіс, – дейді.   Түйін:  

Қазіргі уақытта Үкіметте рес­публикалық маңызы бар автомо­биль жолдарының 11 мың шақы­рымына, 2020 жылы – 5,9 мың ша­қырым, қалған 5 мың шақыры­мы­на 2023 жылы ақылы жүйені енгізу мәселесі қарастырылып жа­тыр. Әрине, кім болса да жүрген жо­лы үшін ақшасын төлейді. Тек сағызша созылып кетпей, бұл жо­ба­­лар да дер кезінде іске асса болғаны.

 

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ