Балалар арасында онлайн-викторина мен сурет байқауы өтті
Балалар арасында онлайн-викторина мен сурет байқауы өтті
784
оқылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Зор Рух» қайырымдылық қоры Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, «Отбасы институты» жобасы аясында жастар мен балалар арасында онлайн іс-шаралар өткізді. Мысалы, әлемнің түрлі елдерінің тулары мен мемлекеттік рәміздер туралы білім деңгейін анықтау үшін онлайн-викторина ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалар мен жастар арасында «Рәміздер – менің мақтанышым» тақырыбында сурет байқауы өтті. Викторинаға 283 қазақстандық қатысты. Қатысушылар онлайн режимде еліміздің Мемлекеттік рәміздері туралы 7 сұраққа жауап беріп, 10 тудың қай елдерге жататынын табу керек еді. Ойын соңында қатысушылар ұпайлар саны мен сұрақтардың дұрыс жауаптарын көре алды. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 82 пайызды құрады, бұл көрсеткіш жастардың Мемлекеттік рәміздері туралы жоғары білім деңгейін көрсетті. Алайда, қатысушылардың көпшілігі елтаңбаның төменгі бөлігінде орналасқан және ортасында Қазақстан сөзі бар киіз үйдің элементі босаға деп аталатынын білмеген. Бұл сұраққа дұрыс жауап тек 31% берді. Сурет сайысына 80 талантты балалар мен жасөспірімдер қатысты. Қатысушылар суреттерінде өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігіне және шығармашылық қиялына сүйене отырып, «Рәміздер – менің мақтанышым» тақырыбын ашып көрсету керек болды. Ата-аналардың көпшілігі осы байқау карантин кезіндегі танымдық ойын-сауық ретінде балаларға өте пайдалы болғанын атап өтті. Байқау жеңімпаздарына балаларға арналған мектеп жиынтықтары және жастарға арналған пайдалы гаджеттер беріледі.