Жүк көліктерін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан өткізу мәселесі талқыланды
Жүк көліктерін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан өткізу мәселесі талқыланды
147
оқылды
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қырғызстандық әріптесі Чингиз Айдарбековпен екі ел шекарасынан жүк көліктерін өткізу мәселесін талқылады. «Қырғыз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланды. Шекаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, оның ішінде екі елдің мемлекеттік шекарасы арқылы жүк автокөліктерінің өту мәселелеріне ерекше назар аударылды», - делінген хабарламада. Мәлім етілгендей, екі елдің СІМ басшылары өзара құрмет, достық және тату көршілік рухында көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға Нұр-Сұлтан мен Бішкектің екіжақты ұмтылысын қуаттады.