Іскерлік белсенділікті ынталандыру жалғасады
Іскерлік белсенділікті ынталандыру жалғасады
169
оқылды
Әңгімелесу барысында екіжақты ын­ты­мақтастықтың ағымдағы жағдайы мен саяси және сауда-экономикалық ын­ты­мақ­тастықты дамытудың келешегі тал­қы­ланды. Тараптар іскерлік бай­ланыс­тар­ды күшейтуге және ауыл­ шаруа­шы­лы­ғы, жоғары технологиялар мен инно­ва­ция­лар салаларындағы бірлескен инвес­ти­циялық жобаларды іске асыруға мүд­делі­лік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев және Лео Ва­рад­кар халықаралық күн тәртібіндегі бір­қатар өзекті мәселені қозғады, оның ішін­де БҰҰ және басқа да көпжақты құры­лымдар алаңында Қазақстан мен Ир­ландияның өзара әрекеттесуі жөнінде пі­кір алмасты. Атап айтқанда, жаһандық бей­бітшілік пен қауіпсіздікті тұрақты да­мыту мен ілгерілетуді қамтамасыз ету мә­селелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді. Тараптар коронавирус індетінің та­ралу­ына ерекше тоқталды. Қазақстан Пре­зиденті және Ирландияның премьер-ми­нистрі екі елдің пандемияның кері сал­дарын жеңілдету бойынша кешенді ша­ралар, оның ішінде тұрғындардың аз қам­тылған топтарын қолдау және дағ­дарыстан кейінгі кезеңде іскерлік бел­сенділікті ынталандыру жұмыстарын жо­ғары бағалады. Телефон арқылы сөйлесуге Лео Варад­­кар бастамашы болды.