Атыраулықтар дипломмен ауылға баруда
Атыраулықтар дипломмен ауылға баруда
282
оқылды
Президент Қасым-Жо­март Тоқаев халыққа Жол­да­уын­да бағдарла­маға бөлінетін қаражатты ұлғайтуды тап­сырды. Оның бірден-бір се­бебін ауылдық мектеп­терде пе­дагог кадрлардың жетіс­пеушілігімен байла­ныс­тырды. Мемлекеттік бағдарлама маңызды. Сө­зіміз дәлелді болу үшін айта­лық, аймақтарда мұ­ғалімдер мен медицина ма­мандарының же­тіспеушілігі күнделікті күн тәр­тібінен түсе қоймады. Биыл Аты­рауда «Дип­ломмен ауылға» жобасы бо­йынша ауылдық жерге жұмысқа орналасатын қырыққа жуық жас мамандардың басым бөлігі Индер ауданына баруға өтініш берген. Елді мекендерде жұмыс іс­теуге өтініш беретіндердің басым көпшілігі білім беру және ден­саулық сақтау саласы оқу орын­дарын бітірген мамандар. Атап айтар болсақ, өткен жылы атал­мыш жоба аясында білім беру саласына 21 адам, денсаулық сақ­тау саласына 8 адам тар­тыл­ған. Атырау облыстық Эконо­ми­ка және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәй­кес, биыл 135 жас маманға же­ңіл­детілген несие беру жоспарла­нып отыр. – Қазіргі уақытта отыз тоғыз маманның өтініші мақұлданды. Жас мамандардың өтініш жібе­руге әлі де мүмкіндіктері бар. Ол үшін қалалық және аудан­дық әкімдіктердің экономика және қаржы бөліміне немесе ХҚКО-на құжаттарын тапсы­руы қа­жет, – дейді Атырау об­лыстық Эконо­мика және бюд­жеттік жоспарлау басқар­ма­сы­ның өкілдері. Биыл ауылдық елді мекен­дерге жұмысқа келген маман­дарға жергілікті бюджеттен 100 АЕК біржолғы көтерме жәрде­мақы және тұрғын үй сатып алуға 1500АЕК бюджеттік несие қарас­тырылған.  

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы