"Өмірім үшін қорқамын": Жігітінен таяқ жеген қыз сұмдық суреттерін жариялады
"Өмірім үшін қорқамын": Жігітінен таяқ жеген қыз сұмдық суреттерін жариялады
287
оқылды
Қазнетте жігіті ұрып-соққан алматылық қыздың сұмдық суреттері тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мен енді бұдан әрі үндемей қоя алмаймын! Жігітім мені осымен бір жыл бойы ұрып-соғып, ақшам мен телефонымды тартып алып жүр, өлтіремін деп қорқытып жүр. Өмірім үшін қорқамын", - деп жазған қыз Instagram желісіндегі парақшасында.
Алматы полиция департаменті қыздың 10 маусымда арыз жазғанын айтты.
"Қазіргі уақытта Алмалы ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында және кінәлі адамды жауапкершілікке тарту мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіледі", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, қажетті сараптамалардың жүргізілетіні айтылады.