Бейжіңде коронавирус жұқтыру дерегі қайта тіркелді
Бейжіңде коронавирус жұқтыру дерегі қайта тіркелді
©Сурет интернеттен алынды
123
оқылды
COVID-19 диагнозы соңғы екі аптада қаладан шықпаған 52 жастағы азаматта расталған. Бұл туралы Сичэен провинциясы басшысының орынбасары Мяо Цзяньхун баспасөз конференциясында мәлімдеген.  "Сичэен провинциясында тұратын Тан есімді азамат 10 маусым күні жергілікті ауруханаға жоғары дене қызуымен жүгінген. Ол өзін әлсіз сезініп, жөтеле бастаған, кеудесінде қысым байқалған. Соңғы екі аптада тұрғын Бейжіңнен шықпаған және сырттан келгендермен байланысқа түспеген", - дейді Мяо Цзяньхун.

Ол коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже бергендіктен, пациентке нақты COVID-19 диагнозы қойылғанын мәлімдеді. Пациент жанұясының екі мүшесі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынған. Қала тұрғыны ауруды қайдан жұқтырғаны әзірге белгісіз.

Тан ауруханаға барар жолда және ауруханада маскамен жүрген, бүгінде оқшауланып, Дитань медициналық мекемесінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта мамандар Сичэен ауданындағы эпидемиологиялық жағдайды жіті бақылауға алды. Атап айтқанда, олар жұқтыру көзін қадағаланып, соңғы аптада шетелден немесе эпидемиологиялық қауіп деңгейі жоғары Қытай аудандарынан келгендердің барлығын тексеріп жатыр.