Тан ауруханаға барар жолда және ауруханада маскамен жүрген, бүгінде оқшауланып, Дитань медициналық мекемесінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта мамандар Сичэен ауданындағы эпидемиологиялық жағдайды жіті бақылауға алды. Атап айтқанда, олар жұқтыру көзін қадағаланып, соңғы аптада шетелден немесе эпидемиологиялық қауіп деңгейі жоғары Қытай аудандарынан келгендердің барлығын тексеріп жатыр.Ол коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже бергендіктен, пациентке нақты COVID-19 диагнозы қойылғанын мәлімдеді. Пациент жанұясының екі мүшесі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынған. Қала тұрғыны ауруды қайдан жұқтырғаны әзірге белгісіз.