COVID-19 жұқтырған науқастың көбінен қант диабеті, жүрек ауруы анықталған
COVID-19 жұқтырған науқастың көбінен қант диабеті, жүрек ауруы анықталған
©Сурет интернеттен алынды
172
оқылды
Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова  мәлімдеді. Оның мәлімдеуінше, елордада вирус жұқтырған 2 620 адам анықталды. Оның ішінде 270-і бала. 1 829 науқас немесе 70 пайызы жазылып шыққан екен. "Толық көлемде жүргізілген медициналық көмекке қарамастан, 14 адам қайтыс болды. Жасы шамасы бойынша: 40-50 жас аралығында 2 адам, 50-ден 60 жасқа дейінгі 4 адам, 60 жастан жоғары 8 адам. Науқастардың көпшілігінде қант диабеті, гипертония, жүрек ырғағының бұзылуы мен жүрек ауруы, қатерлі ісік, сондай-ақ зат алмасуының бұзылуы секілді қосымша аурулар анықталды", - деді ол. Бүгінде коронавирус инфекциясымен 730 науқас ауруханада жатыр. Олардың ішінде 48-інің жағдайы ауыр, соның арасында 18 науқастың жағдайы өте қиын. "Олардың өкпелері жасанды желдету аппаратына қосылған" деді Сәуле Қисықова.