Ғалымдар: Коронавирус былтыр жазда басталған болуы мүмкін
Ғалымдар: Коронавирус былтыр жазда басталған болуы мүмкін
© сурет интернеттен алынды
185
оқылды
Гарвард университетінің ғалымдары Қытайда коронавирус өткен жылдың тамыз айында пайда болды деген пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24». Зерттеулерге сәйкес былтыр тамыз бен күз айларында Уханьдағы 5 ауруханаға келгендердің қарасы қалың болған. Бұған автотұрақтағы көліктердің саны дәлел дейді мамандар. Ал желтоқсан айында коронавирус індеті одан бетер өрши түсті дегенді алға тартады. Қытайдың сыртқы істер министрлігі болса, бұл ақпаратты сынға алып, жоққа шығарды. Олардың айтуынша, мұндай болжам жасауға еш айқын дәлел жоқ. Қытай билігі  коронавирус дерті алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Ухань қаласында пайда болды деп айтқанынан қайтпай отыр.