Арыста зардап шеккендерді құжаттандыру үшін мобильді ХҚО-лар ұйымдастырылды
Арыста зардап шеккендерді құжаттандыру үшін мобильді ХҚО-лар ұйымдастырылды
323
оқылды
Мамандар зардап шеккендерге кеңес беріп, мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, сондай-ақ жергілікті атқарушы билік органдарымен  қаладан құтқарылған және эвакуациялау орындарына жеткізілген адамдардың тізімін жасақтауға жәрдемдесіп жатыр. 
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында ұйымдастырылған 15 және Түркістан облысының Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Шардара аудандары мен Арыс маңындағы ауылдары үшін 13 эвакуациялау орны жанынан арнайы ашылған пункттерде мемлекеттік корпорация қызметкерлері қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетуде, бұдан бөлек мобильді ХҚО жұмыс істейді.
Қызметкерлер зардап шеккендерге қажетті анықтамаларды алып беріп, құжаттарды қалпына келтіру бойынша қажетті қағаздарды әзірлеуде. Бұл ретте тұрғындарды құжаттандыру үшін миграциялық қызмет басқармасымен жедел ықпалдасу ұйымдастырылған. 
Айта кетейік, мемлекеттік корпорацияның Арыс қаласындағы бөлімінің жұмысы тоқтатылған. Онда қызмет көрсететін 55 қызметкердің барлығы отбасыларымен бірге дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерге орналастырылған.