Мұнайлы ауданының халқы ауыз суды үнемдеуге міндетті ме?
Мұнайлы ауданының халқы ауыз суды үнемдеуге міндетті ме?
300
оқылды
Қазіргі уақытта аудан тұрғындарының тұтынып отырған су көлемі 13 500 м3  қамтиды. Десе де, ауыз суды өз деңгейінде қамтамасыз ету үшін 21 мың м3 су қажет. «Каспий су тұшыту зауыты» тәулігіне 18 000 – 19000 м3  су өндіреді. Оның 2 000м3 Қарақия ауданында, 2 000м3  өндірістік кәсіпорындардың, қалғаны Мұнайлы ауданының еншісінде. Жаз мезгіліне байланысты ауданның ауыз суға деген  қажеттілігі өсуде. Ауданішілік су құбырларын бөлу және реттеу жұмыстары «Маңғыстау жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынымен жүзеге асырылады. Кесте бойынша елді-мекендердің 74% орталықтандырылған құбыр арқылы, 26% арнаулы су тасу көліктері арқылы жеткізіліп отыр. Маңғыстау облысының тұрғын-үй комммуналдық шаруашылығы басқармасының айтуынша ауыз суды жеткізу тарифі – 262,4 теңге құрайды. Оның ішінде тұрғындар 1 м3 ауыз су үшін – 30 теңге төлейді, қалған айырмасы облыстық бюджет есебінен субсидияланады. Сондықтан, тұрғындарға ауыз суды үнемді пайдалану ұсынылады.

«Жаз уақыты болғандықтан бау-бақшаны, ағаштарды суару үшін, судың көп бөлігі соған кетіп отыр. Себебі қыс мезгілінде адамның өзі пайдаланатын уақытта молынан жетіп, ешқандай қиыншылық туындаған жоқ. Тұрғындарға айтарымыз арзан су деп қалай болса солай крандарды ашып қоюға болмайды. 2-3 ай уақыт ішінде суды үнемдеп, түсіністікпен қарауға шақырамыз», – деді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаев.

Айта кетейік ауыз суға деген тапшылықты жою мақсатында «Каспий су тұщыту» зауытының қуаттылығын 20 000 м3 - тен  40 000 м3 жеткізу жобасы жүзеге асырылуда.  Жобаны іске қосу мерзімі  2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Жазира Әбіл