Алыс-жақын шетелдердегі түлектермен онлайн кездесу ұйымдастырылды
Алыс-жақын шетелдердегі түлектермен онлайн кездесу ұйымдастырылды
183
оқылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, тарих, археология және этнология факультеті, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында түлектермен онлайн кездесу өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің онлайн кездесуіне (1974, 1975, 1982, 1990, 1995, 2000, 2010, 2015), ЖОО-да, ҒЗИ-да, мемлекеттік мекемелерде, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Украина, Қырғызстанда жұмыс істейтін түлектер қатысты. Халықаралық онлайн кездесудің басты мақсаты – ҚазҰУ-нің барлық түлектерін біріктіру, тәлімгерлік тұжырымдамасын қалыптастыру, кафедра мен университет жұмысының нәтижелерімен бөлісу, ынтымақтастық орнату. Вебинардың ашылуында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы және ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті, з.ғ.д., профессор Қайрат Әбдіразақұлы Мәми видеоқұттықтауы көрсетілді. Онлайн кездесуде ҚазҰУ түлектері видеоқұттықтау арқылы жылы лебіздерін білдірді. Кафедраның профессорлары Ермекбаев Жарас пен Балтабаева К. Н. сөз сөйледі. Вебинар барысында тәлімгерлік пен ынтымақтастықты дамыту бойынша идеялар ортаға тасталды. Түлектер күні онлайн түрде өтсе де, әсерлі ой қалдырды.

Құшыбек С.Қ.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униерситетінің түлегі,  Тарих, археология және этнология факультеті, Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы докторанты