Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета өзінің хатында Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтады.
«Сізге және Қазақстан халқына бар жақсылықты тілеймін, сондай-ақ елдеріміз арасындағы жақсы қарым-қатынастарды жалғастыруды тағатсыздана күтемін», – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Әл Сабах Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, екіжақты ықпалдастықты одан ары нығайтуға дайын екенін білдірді.
«Достас елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынымызды және оны мемлекеттеріміздің мүддесі үшін дамытуға ниетті екенімізді айтқым келеді», – деп жазған Кувейт Әмірі.
Алжир президентінің міндетін атқарушы Әбдел Кадер бен Салих та Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хатын жолдапты.
«Екі ел арасында жақсы тарихи байланыстар, өзара қарым-қатынастар орнаған. Елдеріміздің игілігі үшін Сізбен жұмыс істеуге және екіжақты форматтағы және халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты нығайтуға дайын екенімді білдіремін», – делінген жеделхатта.