Екпе мен чип: қастандық теориясының құрбаны болмайық
Екпе мен чип: қастандық теориясының құрбаны болмайық
242
оқылды
Тиісті хабарлама 181 бет­тен және 3 000 тармақ­тан тұрады. The Seattle Times жазуынша, Medicare сақ­тандыру бағдарламасы оның көп бөлігін өтеп бе­ре­ді. Қазақстанда COVID-19 індетінен емделуді мед­сақ­тандыру өтемейді. Кей­бір сырқаттар дәрі-дәр­мек­ке өз қалтасынан ақша шы­ғарып жатқанын айта­ды. Демек, шығынға бат­қыңыз келмесе, сақтанға­ныңыз жөн. Әлгі оқиғаға оралсақ, Майкл Флор Америка Құрама Штатта­ры­ның Сиэтл жанындағы Иссакуа қа­ла­сының Swedish клиникасында екі айдан астам уақыт жатқан. Оның жағдайының аса ауыр бол­ға­ны сонша, түнгі ауысым мейір­би­кесі туған-туыстарымен қош­та­суы үшін Флордың құлағына те­лефонды тақап ұстаумен болған. Интенсивті терапия бөліміндегі па­латада жату оған күніне 9 736 дол­ларға түскен. Қарт адам 29 күн бойы өкпені жасанды желдету ап­пара­тына таңылған, оның әрбір тәу­ліктегі құны 2 835 долларға теңел­ген. Абырой болғанда, Майкл Флор АҚШ-тың егде жастағы аза­мат­тарға арналған Medicare ме­дициналық сақтандыру жүйесінің қа­тысушысы болып есептеледі екен. «Сондықтан ол миллионнан ас­там төлемнің басым бөлігін тө­леуден босатылады» деп атап өтеді The Seattle Times. Қазіргі кезде SARS-CoV-2 ви­ру­сы планетадағы 8 миллионнан астам адамның бойынан табылды. Ағ­засында инфекция барын біл­мей­тіндер қаншама. Аны­қ­талған­дар ішінен 435,8 мыңнан астам адам қайтыс болды. Ең ауыр жағ­дай АҚШ-та (2 млн 162 мың 228 адам індет құрсауына ілікті, 117 858 адам қайтыс болған), Бразилияда (сыр­қаттар – 867 882 адам, қайтыс бол­ғандар – 43 389 адам) және Ре­сейде (індет жұқтырғандар – 537 210 адам, жантәсілім еткендер  – 7 091 адам). Қазақстанда коронавирус ин­­фекциясының екінші толқыны­ның бас­талғанын Денсаулық сақ­тау ми­нистрлігі ресми түрде мойын­­дады.  

Екпеден бас тарту құқығын бермек

Қынжылтатыны сол, адам­зат­тың көз алдындағы айғақтарға қа­­­рамастан, Қазақстанда да COVID-19 вирусының бар екеніне шү­­бә келтіретіндер жетеді. Олар­дың айтуынша, «бұл  – адам дене­сі­­н­е чип енгізу үшін әлем ал­пауыт­та­ры ойлап тапқан сылтау». «Қас­тан­­дық теориясымен» (теория за­го­вора) тығыз астасып жатқан идея­ны, әсіресе Ресей қоздыруда. Кеңес кезінен белгілі киноактер, ре­жиссер Никита Михалков, та­ны­мал модель және тележүргізуші Виктория Боня, бірқатар сая­сат­тану­шы, қоғам белсенділері мен блогерлер осы теорияны тық­па­лау­мен келеді. Өкінішке қарай, қа­зақстандық ақпарат айдынында сол­түстік көршінің ықпалы зор. Салдарынан, негізінен Ресей бас­та­ған ТМД елдерінің тұрғындары Билл Гейтстің қызметіне және «адам­затқа қарсы қылмыстарына» тер­геу жүргізуді талап еткен жаһан­дық петицияға қол қою­шы­лар санын бір ай ішінде жарты миллионнан асырды (We Call For Investigations Into The Bill & Melinda Gates Foundation For Medical Malpractice & Crimes Against Humanity, бүгінде 586 820 адам қол қой­ған). Осы теорияны ілгерілетушілер са­ны Қазақстанда да көп болып тұр. Олар әлеуметтік желілерде жә­не мессенджерлер арқылы елді ек­пе салғызбауға үндеді. Бұлардың ек­піні мен тепкінінің тегеурінді бол­ғаны сонша, Парламент депу­тат­тарына өткен жылы өз қарауына бе­рілген «Халық денсаулығы және ден­саулық сақтау жүйесі туралы» ко­дексінің үкіметтік жобасын қай­та қарауға тура келді. Өйткені онда ха­­лықты аса қауіпті індеттерге қар­­сы жаппай әрі міндетті вак­ци­на­циялау туралы айтылған. 11 мау­­сымдағы отырыста Сенат Ден­саулық кодексі жобасын құптап, тү­зетулер енгізіп, Мәжіліске кері қайтарды. Төменгі палата келіссе, құжат «Парламент қабылдады» бо­лып танылады. Сонымен, сенаторлар кодекс­тің «Қазақстан азаматтарының құ­қықтары» атты 77-бабы 1-тарма­ғын жаңа 18-тармақшамен толық­тыру­ды ұсынып отыр. Оған сәйкес, қа­зақстандықтар бұдан былай «ем­делуден, басқа да медициналық ара­ласулардан, соның ішінде про­фи­лактикалық екпелерден бас тар­­туға құқылы» болады. Бұл ретте қарапайым халық са­рапшылардың «қарапайым шп­рицпен чип енгізу мүмкін емес» де­ген байсалды дәйектемесіне құ­лақ аспады. Есіл-дерті екпені ты­й­ғызу болды.  

Жұртты не алаңдатып жүр?

Сонда Билл Гейтс барша адам­зат­ты чиптеп шығады деген ерсі теорияға сенушілер өз сөзін қалай дәйек­тейді? Қазақстандық қоғам бел­сендісі Анарбек Абдуллин Duke University профессоры Линда Ли­дің зерттеу еңбектеріне жүгіне оты­рып, жаһандық вакциналар на­ры­ғының 92%-ын небәрі 4 ірі фар­мкомпания (Merck, Sanofi Pasteur, GlaxoSmithKline, Wyeth) мен­шіктеп алғанына назар аудар­тады. «Ал вакцинациялау нарығы­ның дамуын анықтайтын басты ойын­шылар – Дүниежүзілік ден­сау­лық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, сон­дай-ақ Билл мен Мелинда Гейтс құрған Вакциналар мен им­мундау бойынша жаһандық альянс (GAVI). Өткен ХХ ғасырда эпиде­мия­лық аурулардың тұтас түрлері жойыл­ды. Тиісінше, вакцинаға де­ген сұраныс төмендеді. Әрі қа­рай адамдар арасында гигиена дең­гейінің артуы, өркениет игілік­тері­нің өркен жаюы және індетке үн қату тәсілдерінің жетілдірілуі эпи­­демияға қатысты ахуалды ба­қы­лауға ұстауға мүмкіндік береді де­ген сенім болды. Алайда 2000 жы­лы GAVI құрылғалы әлемде то­сыннан шығу-тегі белгісіз вирустар та­рала бастады да, вакцинациялау мәселесі қайтадан дүниежүзілік күн тәртібіне шыға келді. Біз аза­мат­пыз, сұрақ қоюға құқылымыз! Адам­дардың денсаулығына қам­қор­лық пен фармбизнестің табыс табуына қамқорлықтың шекарасы, ара­жігі қай жерде өтеді? Оны бізге кім көрсетеді?», – дейді А.Абдул­лин. Ал Станислав Боярин АҚШ пре­­зиденті Д.Трамптың шешімі­мен «Американың ДДСҰ-ны қар­жы­ландыруын тоқтатуында бір гәп бар» дейді.   ekpe1 «Себебі ДДСҰ мемлекеттердің емес, Билл Гейтстің мүддесін іл­гері­летуде белсенділік танытқаны әш­кереленуде. Осыған орай, ДДСҰ-ның жемқорлығы үшін оны сот­қа беруіміз қажет деп санаймын. Әйт­песе, Б.Гейтс әртүрлі елдердегі заң­ды үкіметтерді биліктен тай­ды­рып, адамдарды жануарлардан да­ралар «Тәңір генін» жоюды мақ­сат тұтып отыр. Мысалы, ол адам де­­несінің қимылы туралы мә­лі­мет­терді пайдаланатын крип­то­валюталық жүйені тіркеп, патент ал­ды. Ендеше Билл Гейтс пен Май­крософт адамзат туралы әр­түр­лі ақпарат жинау және жаппай вакцинациялау арқылы әлемдегі би­лікті жаулап алмай тұрғанда оған қарсы сотқа талап-арыз беру ке­рек. Қазақстан Үкіметі халықты – Билл Гейтс жоспарынан, ал Қазақ­стан­ның тәуелсіздігін – трансұлт­тық корпорациялардың қарау қа­ре­кеттерінен қорғауға ниетті ме?» деп сұрайды С.Боярин Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ға­рыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұ­мағалиевке жазған  хатында. Ал Асқар Жұмағалиев не дейді? Өз болашағына, елдің ертеңіне алаң­даған азаматтардың көңіліне демеу бо­­­лып, сеніміне селкеу түсірмеуге ба­­рынша талаптану орнына Циф­р­лық даму министрлігі: «Сіз кө­теріп отырған мәселе біздің ми­нистрліктің қызмет аясына кір­мей­ді» деген жалтарма жауап қайы­ра сал­ған.  

Сауатты халық сан соқпайды

Кейбір түймедей мәселелердің түйе­дей дәрежеге дейін өсіп, өр­шуінің бір себебі – шенеуніктердің ха­лық арасында түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізе білмейтіні болса ке­рек. Бұған қоса, денсаулық сақ­тау органдарын жемқорлық жай­лауы, әлдебір компаниялардан са­­­­пасыз вакциналардың сатып алынуы, салдарынан оның бір­қа­тар баланың бойындағы тыныш жат­қан кеселді қоздырып, сал бо­лып қалуына соқтыруы, дерттің ек­педен келгенін сезетін ата-ана­лар­дың әділет таппауы, өтемақы ала алмауы, ақыр соңында адам­дар­дың мұндай ем-дом шара­ла­ры­нан үрейленуіне әкелді. «Мен ба­ла­ма биліктің вакцинаны зорлап сал­ғызуына қарсымын!» деді жа­қын­да, 6 маусымда заңсыз нара­зы­лық акциясына шыққан кейбір ата-ана. Депутаттар халықты тың­дай келе, бас тарту құқығын беру­де. Алда COVID-19 індетін тоқтату мін­деті тұр. Егер отандық не шет­ел­дік вакцинаның коронавирусқа тиімді қарсы тұра алатыны түп­кілік­ті дәлелденсе, екпені ДДСҰ мақұлдаса, Қазақстан оны егуді міндеттей алмай қалуы мүмкін. Бұл – әрине, елге үлкен қауіп. Денсаулық сақтау министрі Ел­жан Біртанов өз блогында ДДСҰ, ЮНИСЕФ және басқа да ха­лықаралық ұйымдардың қыз­метін тексеру қазақстандық ДСМ құзырына кірмейтінін хабарлады. «Әлеуметтік желілер арқылы та­ралып жатқан халықты чиптеу ту­ралы ақпарат – фейк. Осыған бай­ланысты меморгандардың рес­ми сайтында және әлеуметтік же­лілердегі ресми парақшасында ор­наластырылған ақпаратты пай­далануды ұсынамыз», – деді ве­домство басшысы. Не себепті фейк екенін ол дәйек­темейді. Ал дәйексіз сөздің мәйе­­гі жоқ. Бұл балаға еш түсін­діру­сіз «секірме!» деп жеки берумен тең. Министрліктің Қоғамдық ден­саулық сақтау саясаты депар­та­менті иммундаудың басты мақсаты – тиім­ді вакцина арқылы халықты ин­фекциялық дерттен қорғау дей­ді. «Ана сүтімен берілетін табиғи им­мунитет 6 айға қарай әлсірей бас­тайды. Шешесінен бөбекке кө­шетін антиденелер сәбиді қорғау үшін жеткілікті бола бермейді. Ек­пелер аса қауіпті, ауыр салдарға жә­не өлімге соқтыратын жұқпалы ау­руларға қарсы егіледі. Мысалы, күл ауруында (дифтерия) өлім-жі­тім 50%-ды құрайды, кесел жү­рек­ке, бүйрекке шабады. В вирустық ге­­патиті бауыр циррозына, гепа­тоцеллюлярлық карциномаға дейін өршуі ықтимал. Қызылша пне­в­монияға, ларингитке, тра­хеоб­­ранхитке, отитке дейін күр­де­ленуі мүмкін. Сіреспе ауруында адам­ның өлу жағдайы 70-100%-дан асады. Пневмококк инфек­ция­сы сырқат балалардың 28%-ының мерт болуы­на себеп. Полио­миелит 100% салға соқтырады», – дейді департа­мент. Меморган Қазақстанға әке­лі­нетін вакциналар сертификат­та­латынын және преквалифиция­лаудан өтетінін жеткізді. Бұған қоса, олар Дәрілік заттарды және ме­дициналық бұйымдарды сарап­тау ұлттық орталығы зертханасында сапа қауіпсіздігіне тексерілетін көрінеді. «Кейінгі 20 жылда елде дерт­тер­дің азаюы иммундаудың тиім­ділігін айғақтайды. Қазақстанда қызамық (краснуха) 1998 жылғы 15 346 оқиғадан 2018 жылғы 1 оқи­ғаға дейін 3 мың есе; паротит 1998 жылғы 5 490 оқиғадан 2018 жылы 38-ге дейін 140 есе; В гепатиті 3 943 оқиғадан 95-ке дейін 40 еседей азай­ды. 1996 жылдан бері диф­те­рия, полиомиелит оқиғалары тір­келмеді. Бүгінде әлемде В гепатиті вирусы бар 350 миллион адам өмір сүруде, жыл сайын 250 мың адам өледі. Онымен тек бұрын ауырып айыққандар немесе вакцина­ция­ланған адамдар ғана ауырмайды. Қал­ған адамдардың барлығына оны жұқтыру қаупі төнеді», – деді Қо­ғамдық денсаулық сақтау сая­саты департаменті. Мемлекет өз азаматтарын жап­пай вакцинациялау арқылы елде «ұжымдық иммунитет» қалыптас­ты­рады. Сарапшылардың айтуын­ша, екпеден бас тартқандар үлесі тым көбейсе, ол ұлттың ауыр ін­дет­терге қарсы тұру қабілеті тө­мен­дейді. Жаппай тараған инфек­ция­мен күрес экономикаға ауырт­палық түсіріп, нұқсан келтіреді. Одан халықтың әл-ауқаты нашар­лайды. Кедейшілік батпағына бат­қан ел індеттің таралуына қол­ды бір-ақ сілтейді: оған аурудан өле ме, аштан өле ме, енді бәрібір. Ла­­тын Америкасы елдері, Брази­лия, Азиядағы Үндістан халқы дәл осындай тұйыққа тірелді. Эква­дор­да коронавирустан өлген адам­дардың мүрдесі көшеде жатқанын ха­лықаралық ақпарат құралдары көрсетті. Қазақ елі мұндай зұл­мат­тан аман болсын делік. Құдай «сақ­тансаң – сақтаймын» деген ғой.  

 width=Айхан ШӘРІП