Ұжымдық қауіпсіздік – маңызды
Ұжымдық қауіпсіздік – маңызды
330
оқылды

– Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйы­мы халықаралық ұйым ретінде Еуразия құрлығының ауқымды кеңіс­тігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету­дің елеулі факторына айналып, ны­ғайды. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы біз үшін – маңызды ұйым. Беларусь сияқты біз де оны дамытуға зор үлес қостық. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Парламент ассам­блея­сында белсенді жұмыс іс­тейміз. Сіздің алдағы уақыттағы тағайын­да­луыңыз ұйымның әлеуетін нығайту тұр­ғы­сынан маңызды рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті.

Станислав Зась Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездескені үшін алғыс ай­тып, сайлаудағы жеңісімен және Қа­зақстан Республикасының Пре­зи­ден­ті қызметіне кірісуімен құттықтады.

– Қазақстан халқы Сіз сияқты жан-жақты әрі мол тәжірибесі бар мемлекет қайраткері болып қалып­тасқан ақылды адамды дұрыс таңдады. Қазақстанның игілігі жолындағы бар­лық ісіңізге табыс тілеймін. Біз мем­лекеттеріміз бен ха­лықтарымыз ара­сында қалыптасқан достық қаты­настарды жоғары бағалаймыз және Қазақстанның халықаралық алаң­дарда, соның ішінде Ұжымдық қауіп­сіздік шарт ұйымында Беларуське көрсеткен қолдауы үшін ризашылығы­мызды біл­діреміз. Өзара пайдалы іс-қимылдарды нығайта беруге тыры­самыз, – деді Станислав Зась.