Вакциналау жыл сайын 3 миллионнан астам адамның өмірін қорғайды - Бюрабекова
Вакциналау жыл сайын 3 миллионнан астам адамның өмірін қорғайды - Бюрабекова
© inform.kz
138
оқылды
Вакциналау инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі болып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты. «Соңғы кездері вакцинация мәселесі әлеуметтік желілерде белсенді талқылаудан өтіп жатыр. Министрлік алаңында осы бағытта бірнеше мәрте онлайн талқылау өткізіп, екпе жасау маңыздылығын түсіндірдік. Бұл шараларға сарапшылар, Парламент депутаттары, дәрігерлер мен танымал журналистер қатысты. Бүгінгі талқылау барысында ата-аналарды толғандырған барлық сұрақтарға жауап береміз деп ойлаймын», - деді Л. Бюрабекова Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда. Сонымен қатар ол статистикалық мәліметтерді келтіре отырып, вакцинаның тиімділігін сөз етті. «Вакциналау инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, екпе жасау жыл сайын 3 млн-нан астам адамның өмірін қорғайды», - деді Людмила Бюрабекова.