Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осы қызметті атқарған Мәулен Әшімбаевқа жасаған жұмысына ризашылығын білдіріп, саяси ұйымның үлкен міндеттердің тұрғанына партиялықтардың назарын аударды.
Еске салсақ, Бауыржан Байбек бұған дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған болатын. "Болашақ" түлегі мегаполис басшысы міндетіне 2015 жылы тамыз айында кірісіп, төрт жыл жұмыс істеді.