Асқар Мамин жұмысқа шықты
Асқар Мамин жұмысқа шықты
171
оқылды
Үкімет басшысы мен министрлер әдеттегідей кесте бойынша жұмысын жалғастыратын болды. Қазіргі уақытта Үкіметтің барлық отырыстары мен жиындары селекторлық режимде өтуде. 
Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирус инфекциясын диагностика хаттамасына сәйкес, талап етілген уақытқа дейін өзін-өзі оқшаулау режимде болды. COVID-19-ға қайталап өткізген тест нәтижесі теріс болып шықты.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Садық Ақыжанов хабарлады.

Сонымен қатар, өзін-өзі оқшаулау режиміндегі білім министрлері Асхат Аймағамбетов, ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар жөніндегі Мағзұм Мырзағалиев осындай процедурадан өтті. Барлығының нәтижесі теріс шықты. 

Үкімет ғимаратында және министрліктер үйінде санитарлық режим мен қауіпсіздік шаралары күшейтілді, қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.