Қымыз субсидиясы 40 теңге

Қымыз субсидиясы 40 теңге

Жылқыны қолға үйрет­кендер­ біздің даланың тұрғын­да­ры екенін де тарихшылар дә­­лел­деп қойған. Қымызды да, жылқы етін де жақсы көреміз. Алайда Қазақстанда сүтті мол беретін жыл­қы тұқымы жоқтың қасы. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске дейін қазақ жеріндегі 5 млн қазақта 4,5 млн жылқы болса, 1998 жылдары мінсе көлік, ішсе сусын, жесе ас болған төрт түліктің патшасы 800 мыңға дейін азай­ған. Елімізде мал басы 2002 жылдан бас­тап көбейе бастады. Жылқы саны бо­йын­ша көш бастап тұрған – Шығыс Қазақ­стан, Алматы, Түркістан облыстары. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, бүгінде дүниежүзінде 250-ге жуық жыл­қы тұқымы мен тұқымдық тобы болса, Қазақстанда оның 20-ға жуық тұқымы өсіріледі. Қазір еліміздегі жылқының 90 пайызға жуығы өнімді бағытта пайдала­нылып жатыр. Ал қалғаны спорт сала­сында қолданылады. Өнімді бағыт деп отырғанымыз – етті-сүтті бағыттағы жыл­қы. Ал нақты бір бағыттағы, яғни сүтті тұқымды жылқы жоқтың қасы. Жыл­қы шаруашылығындағы ең басты мәселенің бірі осы болып отыр.  – Қазір жылқы ұстап отырғандардың көбі – қарапайым шаруалар мен кәсіп­керлер. Жылқы тұқымы шетелден әкелі­ніп жатады. Олардың сүті көп болғаны­мен, майлылығы аз. Оның құрамын, са­пасын біздікімен салыстыруға бол­майды. Жылқы сүтінің құнарлы болуы, емдік қасиеті жеген азығына, табиғат жағдайына, жайылымына байланысты. Өзге елден әкелінген жылқы біздің та­биғатқа бейімделіп кетуі мүмкін. Деген­мен отандық сүтті тұқымды көбейтуіміз керек. Селекция жүргізу қажет. Сапалы тұқым мен өнім алу маңызды. Өз жері­мізде өсіп, бапталған жылқының өнімі түрлі ауруға ем. Жылқы шаруашылығына субсидияны көбейтуіміз керек. Жуырда 100 мың теңге субсидия бөлінетін болды. Яғни, бір асылтұқымды жылқы сатып алсаңыз, 100 мың теңге беріледі. Ал қы­мыздың литріне – 40 теңге. Көмек алу үшін қағазбастылықтың біраз өткелінен өтуің керек. Кейбіреулер құжат жинап, уақытын өткізгісі келмейді. Шаруа­шы­лықты дамыту үшін түрлі бағдарламалар қабылдап, шаруаларға қолдау көрсету қажет, – дейді профессор, жылқытанушы ғалым Қайрат Жәлелұлы.  

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ