Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жылдам тарап жатқанын ескертті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жылдам тарап жатқанын ескертті
фото: ашық дереккөз
167
оқылды
Бүкіл әлем пандемияның жаңа қауіпті кезеңіне өтті, вирус әлі де тез таралып, адам өміріне қауіп төндіртіп тұр. Бұл туралы  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус мәлім етті, – деп хабарлайды  BBC. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирусқа шалдыққан 8,5 млн астам адам бар, індеттен 454,5 мың адам қайтыс болды. Осы арада, көптеген елдер карантинді біртіндеп әлсіретуде. Израильде көпшілік жиналатын мерекелерді өткізуге рұқсат етілді. Қонақтар саны 250 адамнан аспауы тиіс, оларға маска тағу кеңес берілген. Британияда бөлшек сауда қайта басталған алғашқы жұмыс аптасында жиһаз сататын және шаруашылық дүкендерінде, сондай-ақ интерьер салондарында сату көлемі бірден 42 пайызға артқан. Жұма күні Тедрос Гебрейесус карантин шектеулерін алып отырған барлық елдерді сақ болып, карантин алынған соң да әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы «жаңа және қауіпті кезеңге өткен» деп санауда. «Пандемия қанатын кеңге жайған, бейсенбі күні ДДСҰ Сovid-19 вирусын жұқтырудың 150 мыңнан астам жаңа оқиғасы туралы ақпарат алды, бүгінде бұл – бір күндегі ең үлкен көрсеткіш», - деді ДДСҰ басшысы. Оның айтуынша, жаңа оқиғалардың жартысынан көбі Америкада тіркелген, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыста да індет жұқтырған адамдар көп.