Қарақалпақстанда Абай мүсіні орнатылды
Қарақалпақстанда Абай мүсіні орнатылды
фото: ашық дереккөз
208
оқылды
Қарақалпақстанның Мойнақ ауданы орталығында «Шайырлар саябағы» салынды. Бұл туралы ӨзА агенттігі хабарлады.  width= Саябақта қарақалпақ, өзбек, қазақ, түркімен және орыс халқының классик ақындары - Әжінияз, Бердақ, Күнқожа, Әлішер Науаи, Абай, Мақтымқұлы, Пушкиннің бюсі тұрғызылып, олардың жанына ақындардың таңдаулы туындысынан үзінді жазылған.  width= «Шайырлар саябағы» жастардың рухани және мәдени танымын кеңейтуге, көрші халықтар ақындарының да өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді», - делінген хабарламада. Саябақта түрлі іс-шаралар мен өнер көрмелер де өтеді.