Жемқорлық – қоғамның жегі құрты

Жемқорлық – қоғамның жегі құрты

Университет баспасөз қызме­тінің хабарлауынша, онлайн фор­маттағы жиынға «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсе­сі­нің басшысы Қайыржан Токушев, Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова, Алматы қа­ласы бойынша сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі төрағасының бірінші орын­басары Таумұрат Таумұратұлы жә­не оқу орнының профессор-оқы­тушы­лары мен студенттері қатысты. Басқосуда қоғамның дертіне айналған жемқорлықпен күре­судің тың тетіктері қарастырылып, осы орайда атқарылып жатқан жұмыс­тар екшелді. Дөңгелек үстелді оқу орнының басшысы Гаухар Алдамбергенова ашып, жемқорлықпен түбегейлі кү­­рес барысында қолға алынған бас­­тамалар жайлы кеңінен әңгіме­леді.

– Бүгінгі басқосудың барша­мыз үшін маңызы ерекше, мағы­на­сы зор деп ойлаймын. Оған се­беп те жоқ емес. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын елімізде орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жем­қор­лыққа қатысты қылмыстық іс тір­ке­леді екен. Сәйкесінше, мыңнан ас­там азамат жауапқа тартылып, заң шеңберінде жазаланады. Бұл – қо­ғам­ның жегі құртына айналған, бат­­­пандап кіріп, мысқылдап шы­ға­тын дерт, зардабы жазылмас ауру. Мем­лекеттің да­муына, қоғамның алға жылжуына кесірін тигізіп отыр­ған осы кесел­дің алдын алу не­месе бол­дырмау жолында бірқа­тар істер қол­ға алы­нып, жүйелі жұ­мыс атқа­ры­луда, – деді Гаухар Алдам­бергенова.
Ол өз сөзінде барша отандаста­рымыздың негізгі міндеті – қо­ғамда жемқорлыққа мүлдем төз­беу­шілікті қалыптастыру қажетін алға тартты.
– Менің ойымша, барлық мем­­лекеттік органдар осы бағытта бір­лесе жұмыс істеуі тиіс. Осы орай­да, Білім және ғылым ми­нистрлігінің ұйытқы болуымен жо­ғары оқу орын­дарында Жоба­лық кеңсе мен «Адалдық алаңы» сияқты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бас­тамалар білім са­ла­сында жемқор­лықпен күресті кү­шейтіп, оған мүл­дем төзбеушілік мәдениетін қа­лып­тастырады, – деп атап өтті оқу орнының ректоры.
Айта кетсек, Қазақ ұлттық қыз­­дар педагогикалық универси­тетінің тәрбие, оқу және ғылым үдерісінде әдептілік қағидаларын сақтау басты назарға алынған. Бұл тұрғыда елі­міз­дегі жоғары оқу орындарының арасында алғаш­қылардың бірі бо­лып универ­си­тетте «Сыбайлас жем­қорлыққа қар­сы мәдениет негіз­дері» атты пән оқу бағдарламасына енгізілді. Аталған пән студенттердің саналы түрде және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалып­тасты­рады. Отандастарымыздың жем­қорлыққа қарсы дүниетанымын арттыру ба­ғытында жүзеге асы­рылып жатқан мемлекеттік сая­сат­ты қолдауға және дамытуға Қыз­дар универси­тетінің профес­сор-оқытушылары мен қызмет­кер­лерінің және білім алушы­ларының қосып отырған үлесі айтарлықтай қомақты. Басқосу барысында қатысу­шы­лар сыбайлас жемқорлықпен күре­судің өзге де тетіктері мен жү­зеге асуы тиіс нақты істерді баяндады.
«Отандық жоғары білім беру­дің қара шаңырағы Қазақ ұлт­тық қыз­дар педагогикалық универ­сите­тінің басты мақсаты – білікті, жо­ғары мо­ральды және кәсіби қасиетті и­еленген тұлға даярлау. Біз осы ­құн­дылықтарға сүйене отырып жұмыс істейміз», – деді шараға қатысушылар.
 

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ