13 баланың әкесі: Бала тәрбиесіндегі барлық жауапкершілікті әйелге артып қоямыз
13 баланың әкесі: Бала тәрбиесіндегі барлық жауапкершілікті әйелге артып қоямыз
фоо: ашық дереккөз
178
оқылды
13 баланың әкесі Мұрат Қабылбаев Әкелер күні бала тәрбиесі туралы ақыл-кеңес берді. «Барлық әкелерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Барлық отбасыға бақ-береке, татулық тілеймін. Барлық әкелер балаларына көбірек көңіл бөлсе екен деймін. Бала тәрбиесіндегі әке рөлі екінші планға өтіп барады - көптеген әкелер тәрбиені аналарға жүктеп, материалдық табыс табу міндетін ғана мойынға алады», - деді Мұрат Қабылбаев. Оның айтуынша, әке баланың рухани дамуына да атсалысуы керек. «Бала әкені табыскер ретінде ғана қабылдамауы керек. Әке қолдауын сезіну баланың тұлға ретінде дамуына септігін тигізеді. Әкелер бала болашағы үшін маңызды физикалық тәрбие мен рухани күш береді. Рух пен тәннің күшті болуынан бала өзіне сенімді болып өседі. Бала - ата-ананың айнасы болғандықтан, оларға барлық жағынан үлгі болу керек», - деді көпбалалы әке. Сонымен бірге, М. Қабылбаев бала асырап алу бойынша өзіне көптеген адамдардың жүгінетінін айтты. «Бала асырап алуда да аналардың ерекше белсенді болатыны өкінішті. Бұл мәселеде әкелердің де қызығушылығын көргім келеді. Менің байқағаным, асырап алған балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша әйелдер жүгінеді де, ерлер әйелінің артында тұрады. Яғни, бала тәрбиедегі барлық жауапкершілікті әйелге артып қоямыз. Әкелер тәрбиелеу мәселесіне мүлдем араласқысы келмейді, араласпайды. Бала мұның бәрін сезеді», - деді М. Қабылбаев. Айта кетейік, М. Қабылбаев – бұрынғы имам. Ол ата-ана қарауынсыз қалған балаларды асырап алған. Қазір оның 13 баласы бар және 12-сін асырап алған.