Бұл мәліметті БҰҰ Әйелдер және ЮНФПА агенттігі мәлімдеді. Олар пандемияның бүкіл елдегі ерлер мен әйелдерге тигізетін әсерін бағалау үшін биылғы жылдың сәуір-мамыр айларына сараптама жасады.
Оған Қазақстанның 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 2202 респондент қатысты. Оның 53% әйел болса, 47% ер адамдар. Соның ішінде 59,8% қала тұрғыны болса, 40,2% ауыл тұрғыны еді.
«Үй жұмысының басым бөлігі – отбасындағы тәртіпті сақтаумен, тамақ дайындаумен және балаларды тәрбиелеумен байланысты. Алайда үй шаруасын бөлуде гендерлік стереотиптердің ықпалы ауылдық жерлерде қатты байқалады. Мысалы, 14 жасқа дейінгі балаларға қарайтын негізінен әйел. Бала тамағын ішсе де, жуынып-киінсе де, үй тапсырмасын орындаса да, сырқаттанса да қарайтын анасы. Осының ішінде ер адамның орындайтын міндеті 3 пайыз ғана екен» деді ол.
"Дегенмен ондай түсінік экономиканың дамуына қарай, коммуникациялық технологиялардағы өзгерістермен, жаңа заңдармен, саясатпен немесе арнайы бағдарламалармен, жалпы белсенділікпен, ресми және бейресми арналар бойынша жаңа идеялар мен тәжірибе әсерімен өзгеруі мүмкін», - дейді Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш.