Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ақпанның басында Қазақстанға келеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберди журналистерге Помпео сапары 1-2 ақпанға жоспарланғанын айтты.
Сапардың мақсаты мен талқыланатын мәселелер әлі белгісіз.
Айта кетейік, АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға 5 қаңтарда келуді жоспарлаған. Оның Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтыны хабарланды. Бірақ 2 қаңтарда Помпео сапарды Ирактағы АҚШ елшілігінде болған тәртіпсіздіктерге байланысты кейінге қалдыруға мәжбүр болды.