Ақпан айында Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы сапармен келеді
Ақпан айында Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы сапармен келеді
239
оқылды
Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ақпанның басында Қазақстанға келеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберди журналистерге Помпео сапары 1-2 ақпанға жоспарланғанын айтты. Сапардың мақсаты мен талқыланатын мәселелер әлі белгісіз. Айта кетейік, АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға 5 қаңтарда келуді жоспарлаған. Оның Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтыны хабарланды. Бірақ 2 қаңтарда Помпео сапарды Ирактағы АҚШ елшілігінде болған тәртіпсіздіктерге байланысты кейінге қалдыруға мәжбүр болды.