Алматыда коронавирусты анықтау үшін тесттен кімдер тегін өтетіні белгілі болды
Алматыда коронавирусты анықтау үшін тесттен кімдер тегін өтетіні белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
134
оқылды
Сонымен қатар, қалада жедел медициналық жәрдем ауруханасы базасында COVID-19-ға шалдыққан науқастарға 300 төсек-орын бөлінеді. Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зертханалардың жұмысы күшейеді.
Бүгінгі таңда ПТР-тестілеу мамандандырылған алты зертханада жүргізіледі. Тегін тестілеуден тек тәуекел тобына жататындар ғана өте алады. Сондай-ақ ақылы негізде ПТР әдісімен КВИ-ға тексеруден өту мүмкіндігі бар.
«Олимп» зертханасы жұмысын қайта бастайды. 24 маусымнан бастап «Нұрлы тау» БО аумағындағы MPK зертханасы  жұмысын қайта бастайды. 26 маусымнан бастап «Атакент» ҚҚТ аумағында орналасқан қуаттылығы тәулігіне 1 мың зерттеу болатын жетінші зертхана жұмысын бастайды. Бұл зертханада тәулігіне 5 мыңға дейін тест өткізілуі мүмкін.
«Бүгінде 14 пациенттің жағдайы өте ауыр, 131 пациенттің жағдайы ауыр, 937 пациенттің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Сонымен қатар, штаттық режимде көпбейінді стационарлар жұмыс істейді, олар тәулік бойы пациенттерді қабылдайды, оның ішінде шұғыл түрде» делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.