Алдағы үш күнде солтүстікте күн күркіреп, жауын жауады
Алдағы үш күнде солтүстікте күн күркіреп, жауын жауады
© сурет интернеттен алынды
233
оқылды
Синоптиктер алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. «Суық атмосфералық фронт өткеннен кейін Қазақстанның солтүстік бөлігінде кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауып, түнде 5...10, күндіз 22...27 градусқа дейін жылы болады. Республиканың оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталады, бірақ мұнда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.