Тамара Дүйсенова хатшылық қызметтен кетті
Тамара Дүйсенова хатшылық қызметтен кетті

Nur Otan партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Твиттердегі парақшасында мәлімдеді.

«Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Nur Otan» партиясының Хатшысы қызметінен босатылды.

Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты.

Нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін» – делінген хабарламада.