Елорда күнімен құттықтады
Елорда күнімен құттықтады
282
оқылды

Өз сөзінде Қ.Тоқаев бұл шараның символдық мәніне тоқталды.

– Қазақстанның көк байрағы жерден жоғары қарай әуелеп көтерілгенде жүре­гімізді тәуелсіз елімізге, оның барлық жетістігіне деген мақтаныш сезімі баурап алады. Мұның барлығы тәуелсіздіктің арқасы! Құрылған күнінен бастап бас қаламыз дамудың қазақстан­дық үлгісінің жарқын табысқа жеткенін паш етіп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Рәсім аясында ел Президенті – Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы еліміздің жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік шен тапсырды.

Оларға қайырылған Мемлекет бас­шы­сы бүгінде еліміздің көк туын «өңірде және бүкіл планетада қауіпсіздік пен тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етуге бағытталған бей­бітшіл әрі салиқалы саясаттың символы» ретінде бүкіл әлем білетінін атап өтті.

– Қазіргі күрделі жаһандық геосаяси жағдайда жауынгерлеріміз түрлі қақ­тығыс ошақтарында бітімгершілік мис­сиясын абыроймен атқаруда. Офицер атағына тек адамгершілік құндылықтарды биік ұстайтын, темірдей тәртіпті сақтай­тын, шын беріле еңбек ететін адамдар ғана лайық. Еліміздің кәсіби Қарулы күштері заман талабына жауап беруі үшін мемлекет әрдайым барлық жағдай жа­сай­тын болады. Қазақ­станның қауіп­сіздігі сіздердің сапалы жұ­мыста­рыңызға тікелей байланысты, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Салтанат барысында отандық жоғары әскери оқу орнының 27 үздік түлегі Жоғарғы бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.

Соңында Қ.Тоқаев қазақстандық­тарды, барлық қатысушыларды келе жат­қан Елорда күнімен құттықтап, Қа­зақ­стан халқына бейбітшілік пен бақ-бе­реке тіледі.