Хирннің пікірінше, коронавирус пандемиясына байланысты үзілістен кейін көрермендерге қызықты бокстар ұсыну керек. Олар алғашқы бокс кешін тамыздың ортасында өткізуді жоспарлап отыр. «Меніңше, DAZN-да үш флагман боксшы бар. Олар: Энтони Джошуа, Канело Альварес пен Геннадий Головкин. Бұл – бокстағы үш маңызды есім, сондықтан жекпе-жек уақыт кестесін осы үш есімге негіздеп жасауы керек. Сондықтан біз Прогрейс – Хукер, Эстрада – Гонсалес пен Хейни – Кэмпбелл және Андраде – Сондерс, Каллум Смит – Дэнни Джейкобс, «Канело» Альварес – Геннадий Головкин айқастарын өткізе алсақ, демек осы жылдың соңына дейін жақсы жекпе-жек ұйымдастырдық деген сөз. Мен көрерменге әдеттегідей емес, жақсы айқастармен оралғым келеді», – деді Хирн S.I. Boxing Podcast-ке берген сұхбатында.