Эпидемиолог коронавирустың қашан жойылатынын айтты
Эпидемиолог коронавирустың қашан жойылатынын айтты
149
оқылды
Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі, елдің жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшань коронавирустың қашан жойылатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Оның пайымынша, коронавирус биылғы қыс пен 2021 жылдың көктемінде жойылмайды, алайда жұқтырудың екінші толқыны біріншіге қарағанда ауқымды болмайды.
"Эпидемия қыста, көктемде жойылмайды. Биыл қыста, келесі жылдың көктемінде жұқтыру қарқыны артуы мүмкін. Бірақ мен әлемдегі бірінші толқын секілді екінші толқын ауқымды болады деп ойламаймын", - деді Чжун Наньшань.
Вирусолог маман дер кезінде инфекцияның жергілікті өршуінің таралуына жол бермеу үшін әуе рейстерін қысқарту, оқу орындарында сабақтарды тоқтату сияқты қысқа мерзімді қатаң шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Қытай билігі 2019 жылғы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын елдің орталық бөлігіндегі Ухан қаласында (Хубей провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлаған болатын. Мамандар аурудың қоздырушысы коронавирустың жаңа түрі екенін анықтады, кейінірек инфекцияға ресми COVID-19 деген атау берілді. ДДСҰ 11 наурызда COVID-19 пандемиясын жариялады.