БАҚ қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында аталған төсбелгі «Қазақстан» ұлттық арнасы эфир саясаты анонс бөлімінің жетекшісі Мақпал Үкеноваға, «Хабар 24» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Қанат Базылхановқа, «Айқын» газетінің фототілшісі Айтжан Мұрзановқа, «Казахстанская правда» газеті спорт бөлімінің редакторы Асқар Бейсенбаевқа, сондай-ақ Қазмедиа оталығы бас директорының орынбасары Райхан Әбдешеваға табысталды.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен еліміздің өңірлеріндегі сала мамандары марапатталады. Осы орайда отандық журналистиканың дамуына үлес қосқан және еңбек өтілі 30 жылдан асқан шын кәсіби мамандар қамтылған. Мереке қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары саласының 55 қызметкері ерекше төсбелгі иесі атанды.