Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейді
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейді
Фото: Интернеттен алынды
419
оқылды
Дереккөздің жазуынша, биыл І тоқсандағы мәлімет бойынша мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында 494,4 мың адам жұмыс істейді. Былтырғымен салыстырғанда 0,9 пайызға көп.   Фото: Ranking.kz Аймақтар бойынша Алматы облысында  – 74,3 мың адам, ШҚО мен Нұр-Сұлтан қаласында 46,1 мың және 41,8 мың адам жұмыс істейді.   Фото: Ranking.kz Мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің орташа жалақысы  – 161,5 мың теңге. Былтырмен салыстырғанда 20,4 пайыз көп.
«Бұл саладағы ең көп жалақыны елордада алады: 254,2 мың теңге – өткен жылмен салыстырғанда 18,1 пайыз көп. Екінші орында Алматы қаласы – 184,6 мың теңге, бұл былтырғыға қарағанда 28,4 пайызға көп. Үшінші орында Қызылорда облысы: 172,7 мың теңге — 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 14,4 пайыз көп», – деп жазады tengrinews.kz.