«Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы» атты конференцияға ғалымдар, тарихшылар және екі елдің жетекші университеттерінің оқытушылары қатысты. Қазақстан тарапынан Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессорлары, ал Қырғыз Республикасы тарапынан Арабаев атындағы Араб мемлекеттік университетінің ғалымдары қатысып, әл-Фараби философиясы туралы ойларымен бөлісті. Ғалымдардың айтуынша, ағартушының әлемді тануға деген құштарлығы адам болмысын ашатын ғылыми трактаттар мен туындыларды жазуына себеп болған. Арабаев атындағы Араб мемлекеттік университетінің өкілі, тарих ғылымдарының докторы Назира Курбанованың айтуынша, әл-Фараби адам бойындағы құндылықтарды жоғары бағалайды. «Адамгершілік пен бақытқа қатысты керемет ойлар айтқан. Қайырымдылық дегеніміз не және мінсіз адам қандай болады? Осыған қатысты да туындылары бар. Мың жыл бұрын жазылғанына қарамастан, адами құндылықтар өзгеріссіз қалады. Әл-Фарабиді барлық сала қызықтырған. Ұлы ғұлама ғылымдарды жіктеуді арифметикадан бастап, метафизикамен, яғни пәлсапамен аяқтаған. Оның ең танымал шығармаларының бірі – «Қайырымды қала тұрғындары». Трактатта қайырымды қалада әділдік, парасат, мейірім үстемдік етеді», – дейді ғалым. Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры Назира Усупованың пайымдауынша, әл-Фарабидің идеяларын жалпы білім беру үрдісіне тек университеттер ғана емес, мектептер, тіпті мектепке дейінгі балалар орталықтарына да енгізетін уақыт жетті. Әл-Фарабидің ойлары, қазіргі уақытта өзектілігі мен маңызын жоғалтқан жоқ.
Тұмар МЫРЗА