«Біздің мақсатымыз – шахмат ойынына деген қызығушылықты арттыру және еліміздің шалғай өңірлерінде шахматты үйренгісі келетін кез келген адамға мүмкіндік беру. Әлем жылдам дамып жатыр, қазір зияткерлік қасиет пен ойлау жылдамдығы маңызды. Шахмат – бұл дағдыларды дамытатын тамаша құрал. Алаңда менің қатысуыммен бейнесабақтар, 5 000-ға жуық тапсырма бар», – дейді Динара Сәдуақасова.Курсқа тұрғылықты жеріне қарамастан балалар да, ересектер де қатыса алады. Курс шахмат ойыншысының дайындық деңгейіне байланысты қалыптастырылған. Әр курс танымдық бейнесабақтар мен 200 тапсырманы қамтитын 20-25 блоктан тұрады. Курсты сәтті аяқтаған соң электронды сертификат беріледі. Шахмат академиясының директоры Айнұр Өтешеваның айтуынша, қатысушылардың барлық деңгейіне арнап 10 сағаттан астам шахмат сабағы жазылған. Онлайн алаңда, сондай-ақ танымал шахмат ойыншыларының дәрістері мен семинарлары жарияланады.
Т. МЫРЗА