Алматыда кафелердің бірінде карантин режимін бұзғаны үшін үйлену тойы тоқтатылды
Алматыда кафелердің бірінде карантин режимін бұзғаны үшін үйлену тойы тоқтатылды
© almaty.tv
27 маусымда Алматыда 100 адамға үйлену тойын жасаған кафе анықталды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Нысанды аудан әкімдігінің өкілдері, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, полиция қызметкерлері бар мобильді топ анықтады.  width=
"Достлық" кафесінің (Саңлақ көшесі 1, Нұршашқан ықшамауданы) иесі жазаланды. Оған әкімшілік хаттама жасалып, іс-шара мерзімінен бұрын тоқтатылды. Еске салайық, санитарлық нормалар мен енгізілген шектеу шараларының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Айта кетейік, 28 маусымдағы жағдай бойынша, Алматыда коронавирус жұқтырған 3702 адам анықталды. Оның ішінде, 2182 адам аурудан айығып, жалпы 26 адам қайтыс болған. https://www.facebook.com/almaty.tv/videos/317759925914171/