Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті
Фото: Интернеттен алынды
214
оқылды
Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді. Ұлттық банктің жаңа мекенжайы Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 57 А орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласындағы Әйтеке би, 67 мекенжайында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева. Өкілдік Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, қаржы нарығының субъектілері және халықаралық қаржы институттарымен тығыз жұмыс істейді.