"Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек": Тоқаев халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды
"Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек": Тоқаев халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды
© сурет интернеттен алынды
158
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
«www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келіп түсті. Қазіргі таңда оның үштен біріне ғана жауап берілді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда.
Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек.Телеарналардан, тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, сұрақтарына жауап алатын күнделікті бағдарламаларды ұйымдастыруға неге болмайды?
Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер, оны пайдалану жөнінде түсініктеме беру қажет", – деді Президент деп жазды баспасөз хатшысы.