Пияз бен сарымсақ коронавирусты жоймайды
Пияз бен сарымсақ коронавирусты жоймайды
699
оқылды
Қазіргі таңда бұл дерт елімізде өршіп бара жатқаны белгілі. 29 маусымдағы көрсеткішке сүйенсек, елімізде вирус жұқтырғандардың саны 21 327-ге жетті. Оның 12 933-і – ауру белгілері бар науқастар(симптомды), ал  ауру белгісі жоқтар саны (бессимптомный) – 16 639. Жазылып шыққандардың саны  13 008-ге жетті. Осы дерттің алдын алу үшін коронавирустан сақтану жолдары жайында дәрігерлер кеңес берді.

 Жанар ҚАРАБАЕВА, отбасылық дәрігер:

дәрігер

Тамақты тұзды сумен немесе фурацилинмен     шаю керек 

Қазір ешқандай вируспен ауырмасаңыз, ең алдымен дұрыс тамақтанған жөн. Әсіресе, қуырмаш тамақтан гөрі, еттен жасалған сорпа  ішіңіз. Күніне 2 литрге дейін су ішу керек. Алғашқы сақтық шаралары – сыртқа шыққанда қорғаныс қолғабы мен бетперде, өзімен бірге антисептик болуы қажет. Үйге кірерде міндетті түрде қолды кір сабынмен жуып отыру қажет. Жалпы, көпшілік орынға бармай, үйде отырғандарыңыз дұрыс. [embed]https://www.instagram.com/p/CBk6vHCFQ22/?igshid=y87v0ayxfhty[/embed]
  • Егер дене қызуыңыз көтеріліп, әлсіздік болса, дәм сезуіңіз, жұтыну қиындаса, тамақты тұзды сумен немесе фурацилинмен шайыңыз. Бағана айтқанымдай, сұйықтықты көбірек ішу керек. Егер ыстық 38,5-тен  асса парацетамол ішіп, төрт сағат аралықты ұстаныңыз.
  • Ыстық болмаса, нобазитті 500 мг-нан күніне үш рет тамақтан кейін ішу керек.
  • Дене қызуы үш күннен асып кетсе, бірінші тәулікте 500 мг ішкен дұрыс. Келесі күннен бастап жаңағы дәріні 250 мг-нан төрт күн бойы қабылдаған жөн.
  • Әр 6 сағат сайын витамин С ішу керек.
Егер 5-7 күнде жағдай жақсармаса, өкпені КТ-ға түсіріп, ПЦР анализін тапсыру керек. Кагоцел, циклеферон секілді иммуномодуляторды қабылдаудың қажеті жоқ. 

  Айнұр ТАЖИНА, терапевт:  

дәрігер

Натрий хлоридпен тамақты шайған дұрыс

Елімізді коронавирус жайлаған кезде қоғамдық орындарда бетпердемен және 2-3 метр арақашықтықты сақтау керек. Жалпы, қазір топ болып жиналудың қажеті жоқ. Сырттан келе сала қолды кір сабынмен жуып, кемінде 20 секундтай ысқылап жуған жөн.
Сол кезде тамақты да гипертониялық ерітіндімен шайып жіберген дұрыс. Оның 0,9 пайызы натрий хлоридінен дайындалады.
Үйді күніне бір рет жуып, шаң-тозаңнан тазартып отыру керек. Онда да гипохлоритпен жуылу қажет. Ең бастысы, толыққанды тамақтанып, жылы суды көбірек ішіңіз.

 Рафаил РОЗЕНСОН, аллерголог-иммунолог:

дәрігер

Пияз бен сарымсақ коронавирусты жоймайды

Жалпы, коронавирус ауа арқылы тарайтынын жақсы білеміз. Сондықтан дәріхана мен дүкендерге барғанда 3,5-4 метр қашықтықты сақтаңыз. Мысалы, тұмауды бір минуттық байланыста жұқса, коронавирус 4 метрлі арақашықтықтан 15 минуттық байланыста жұғуы мүмкін. Сол себепті бейтаныстың жиі жөтеліп, демігіп тұрғанын байқасаңыз, оған жақындамауға тырысыңыз.
"Ыстығым бар" деп дәрігердің нұсқауынсыз антибиотиктерді іше беруге болмайды. «Артық қыламын деп, тыртық қылып» иммунитетті құртып аласыз.  Одан гөрі толыққанды тамақтанып, дәрумендер ішіңіз.
Апельсин мен мандаринде бар дәрумендерді орамжапырақ пен сәбізден алуға болатынын ұмытпаңыз. Ал пияз бен сарымсақ коронавирусты жоймайды.

Ботагөз ЖАМПОЗОВА, педиатр-инфекционист:

дәрігер

Дезинфекция жасап тұру керек

Дерттің алдын алу үшін сақтақ шаралардың алғашқы талаптарын қатаң сақтау қажет. Әсіресе, антисептикалық сұйық сабынмен қолды жиі жуып тұру қажет.  Негізі, жеке бас гигиенасын сақтау керек. Мұрыннан су ағып, жөтелген кезде бір реттік қол орамалдарды пайдаланған дұрыс. Аяқасты жақындарыңыз ауруға шалдықса, олармен жақын байланыста болмау қажет. Аракідік дезинфекция жасап тұру керек.