Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғапов дүниеден озды, – деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясы.
– Қазақстан бокс федерациясы еңбек сіңірген бапкер Жеңіс Жарылғаповтың дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді, – делінген хабарламада.
Жеңіс Жарылғапов – Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің алғашқы бапкері. Ол сондай-ақ Жаңаөзен құрамасының аға бапкері болған. Марқұм Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздары Жеңіс Таймуринов, Қанат Көптілеуов және тағы басқа боксшыларды жаттықтырды.