Балқашқа ұшу арзандайды
Балқашқа ұшу арзандайды
114
оқылды
Әуекомпаниялар арасындағы ел қаржысы үшін дода осы бей­сенбіде, 2 шілдеде өтпек. Онда жеңімпаз шыққан әуе­тасымалдаушылар келесі бағыттарда ұша бастайды. Бірін­шіден, Балқаш көлінде демалу үшін «Нұр-Сұлтан – Балқаш – Нұр-Сұлтан» бағдары бойынша ұшатын жолаушыларға билет құны 9 мың теңгеге түседі. Рейс­тердің жиілігі – аптасына 4 рет. Бюджет субсидиясы  4 ай бойы беріледі. Әр ұшақтағы жолаушыларға арналған орын саны 20-дан кем болмауы тиіс. Субсидия сомасы 133,4 миллион теңгені құрайды. Екіншіден, «Нұр-Сұлтан – Үшарал» бағытындағы бір жаққа билеттің арзандатылған құны 16 мың теңге тұрмақ. Ұшақ 4 ай бойы аптасына 4 рет ұшады. Әр ұшақ  20-дан көп адамды алып ұшуы шарт. Бұл бағдарға бюджеттен 141,9 миллион теңге субсидия бө­лінеді. Үшіншіден, «Алматы – Жез­қазған» рейсінде билет бағасы 20 мың теңге болмақ. Ұшу жиі­лігі – аптасына 2 рет. Бұл ба­ғыт­тағы рейстер жарты жыл бойы бюджеттен қолдау көреді. Жолаушылар саны бойынша талап әлгі екеуіне ұқсас. Бұған 109,8 миллион теңге субсидия арна тартатын болады. Ел Үкіметі осы арқылы ел ішіндегі ұшуларды арзандатуға ты­рысуда. Бұл ішкі туризмді дамыту, қазақстандықтардың туған өлкеде саяхаттауын ынталандыру үшін жасалып жатыр.  

Елдос СЕНБАЙ