Отандасымыздың UFC-дегі жеңісі
Отандасымыздың UFC-дегі жеңісі
270
оқылды
Бүгінде аталған ұйымның кез келген жекпе-жек кеші әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген теле­арна арқылы миллиондаған жан­күйер жинайтын ауқымды шараға айналған. Көптеген мықты кә­сіпқой ережесіз жекпе-жек ше­берлері осы ұйым аясында бақ сынауды мақсат тұтатыны жасы­рын емес. Асқақ арманын ақиқат­қа айналдырған 23 жастағы жі­герлі қыз Лас-Вегас қаласында кө­рер­менсіз өткен турнирде аме­рикалық Ханна Сайферсті 3 ми­нуттың ішінде тізе бүктірді. Осы­лайша, Мария спорт жолындағы тоғы­зыншы, UFC алаңындағы бірінші жеңісін тойлады. Ал АҚШ өкілі үшін бұл әйгілі спорттық ұйымдағы алтыншы кездесу. Атал­ған про­моушн аясында ол төртінші рет октагонда жеңіліске ұшырап отыр. Бұл жекпе-жек әу баста бас­тапқы кардта өтеді деп жоспар­ланды. Алайда кейін оны негізгі кардқа ауыстыру туралы шешім қабылданды. Жекпе-жектен ке­йін ұйымдастырушылар мұндай шешім шығарғанына еш өкінбей­тінін айтты. Өйткені қос файтер кездесу барысында тамаша өнер көрсетті. Әлемдегі атақты промоушен аясында алғаш рет өнер көрсетіп жатқанына қарамастан, қазақ­стандық спортшы өзін жақсы қы­рынан таныта білді. Ол қарсы­ласын қылқындыру әдісімен жең­ді. Мария Агапова бұл жеңісінің арқасында 20 мың доллар пайда тапты. Оның қарсыласы Cайферс 35 мың доллар алды. Ал ең көп гонорарды кештің басты жекпе-жегінде америкалық Джессика Айды жеңген Синтия Кальвильо иеленді (110 мың доллар). Айта кетейік, негізінде Ага­пова бразилиялық спортшы Ме­лисса Гаттомен кездесуі керек болған. Бірақ қарсыласы АҚШ-қа уақытында виза ала алмаған соң күтпеген жерден Cайферспен жолы түйісті. Тартысты кездесуде жеңіске жеткен Мария өзінің ко­мандасына ерекше алғысын біл­дірді. Одан бөлек, UFC-дегі ал­ғашқы қазақстандық қыз амери­калық Шэна Добсонды жекпе-жекке шақырды.  

Абылайхан ЖҰМАШ