Қиын кезеңде Елбасының бастамасымен Nur Otan партиясы «Біз біргеміз!» деп елге қол ұшын берді
Қиын кезеңде Елбасының бастамасымен Nur Otan партиясы «Біз біргеміз!» деп елге қол ұшын берді
Фото: Интернеттен алынды
103
оқылды
«Биылғы алғашқы жартыжылдық бар­лық әлем елдері секілді Қазақстанға да оңай тимеді. Жаһанды әбігерге салған пандемия бізді де айналып өтпеді. Бұл сын-қатерлер халқымызды біріктіре түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуел­сіздікті сәт сайын қорғауымыз керек!» деген қанатты сөзі бар. Жер шары­ның тұрғындарына қауіп төндірген қатерлі дерттен азаматтарымызды қорғау – тәуел­сіздігімізді де қорғау деп білемін. Індетпен күрес шаралары әлі жал­ғасады. Елбасы осы сындарлы кезеңде де елімен етене екенін білдіріп, өзі же­текшілік ететін Nur Otan партиясының жалпыхалықтық «Біз біргеміз!» акция­сын жариялады. Үндеу тастап, үнемі бір-бірімізге қолдау көрсетуге шақырды. Күллі ел Елбасының ізгілікке шақыруын қабыл алып, күрделі кезеңде береке-бірліктің үлгісін көрсетуде. Бұл игі бас­тама Нұрсұлтан Әбішұлының халықты мемлекеттік мүддеге жұмылдырушы тұлға екенін тағы да айқын танытты. Елдегі әлеуметтік ахуалды оңалту – біздің негізгі міндетіміз. Әлеуметтік қолдаумен бірге халықты еңбекке тарту­дың маңызы зор. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын құруға күш салатын боламыз. Қазақстанның білімі мен ғылымын дамытуға ден қоямыз. Бұл – ел экономикасы мен келешегі жолындағы нақты қадам. Болашақта қазақстандықтардың адами әлеуеті жоғары болуы қажет», – деп жазды.