Емізу арқылы коронавирус балаға берілмейді
Емізу арқылы коронавирус балаға берілмейді
©Сурет интернеттен алынды
405
оқылды
Эндокринолог, дәрігер Эльвира Наурузова айтуынша, балаға емізу арқылы вирус берілмейді. Бірақ коронавирусқа шалдыққан анадан демі арқылы балаға жұғуы мүмкін екен. Бүгінде пандемия кезінде жүкті әйелдермен жұмыс істейтін дәрігер Эльвира Наурузовамен осы жайында сөз қозғадық. дәрігер Жүкті қыз-келіншектер коронавирусқа қалай қарсы тұра алады? Ол үшін не істеу керек?  – Аяғы ауыр қыз-келіншектерге айтарым, арақашықтықты сақтап, үйде отырғандары дұрыс. Көп жерге бармай, кафелерге де жоламаған жөн. Сыртқа шыққанда бетперде  киіп, қолды кір сабынмен жуу қажет. Д мен С дәрумендерін ішу міндетті. Негізі Д дәруменін туберкулезде, тыныс алу жолдарына қатысты ауруларға пайдаланатын. Егер өз мөлшеріңізді білмесеңіз, күніне 2000 мг ішу қажет.
Екіншіден, жүрген жерімде С дәріменін ішу керегін айтып отырамын. Оның профилактикалық мөлшері – 1000 мг. Аяғы ауыр қыз-келіншектерге 500-ден бір күнде екіге бөліп беріледі. Ол дәрумен қышқылдар тобына жататындықтан асқазан жарасы, гастриті барларға аш қарынға ішуіне болмайды. Оның үстіне жүкті келіншектердің токсикозын қоздырып жібереді.  Сондықтан Ester-C ішкен дұрыс. Дәріханада болмаса кәдімгі С дәруменін алып іше беру керек. Бастысы – тамақтан кейін ішсе болғаны. 
[caption id="attachment_54932" align="alignright" width="546"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Жақындарының бірі коронавирусқа шалдыққан болса, жүкті әйелге не істеу қажет? – Бір пациентімнің күйеуі коронавирусқа шалдыққан болып шықты. Сол кезде әлгі келіншек не стерін білмей хабарласқан. Сондықтан байбаламға салып, күйгелектенудің қажеті жоқ. Өзінде бұл дерттің симптомдары байқалмаған.  Ондайда тест тапсырудың қажеті жоқ. Жақын байланыста болғандықтан, бәрібір одан коронавирус табылады. Одан гөрі өз учаскелік дәрігерін ескертіп, дәрумендерін ішіп, бір жұмадан кейін ПЦР-ға анализ тапсыруы керек.  Егер мұрын қышып, тамақ ұстай бастаса тұзды сумен шайыңыз. Арақпен ингаляция жасаудың қажеті жоқ. Жалпы, аяғы ауыр келіншекті дәрі-дәрмек беріп емдемейміз. Ол дәрілердің балаға кері әсер тиуі мүмкін. [caption id="attachment_54933" align="alignright" width="545"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Бұл дертке шалдықса не істеген дұрыс? Емізу арқылы балаға коронавирус жұға ма? – Жалпы, COVID-19-ға  қарсы тұратын дәрі жоқ.  Жөтел құрғақ болып, әлсіздік сезінсе, дене ыстығы 38-ге дейін көтерілсе, бұл вирустың жеңіл түріне жатады. Оларға да сол дәрумендер система арқылы салынады. Қандай сұйықтық ішсе де, жылы күйінде көп мөлшерде іше беруі керек. Дене қызуы 38-ден жоғары болып, дем жетпей, тыныс алуы қиындай түссе, жөтел жиілеп, күшейе түссе, жедел жәрдем шақырту қажет.
Ал емізу арқылы коронавирус балаға берілмейді, бірақ дем алу арқылы жұғуы мүмкін.  Баланың сақтығы үшін ананың қасына қалдырмай, сау туыстарына беріледі. Өйткені 1 жасқа дейінгі балалар қауіпті топқа жатады. Ана айығып, тест теріс нәтиже  көрсетсе, бала қайта қайтарылады.