Карантин: Қазақстандықтарға 42 500 теңге әлеуметтік көмек беріле ме?
Карантин: Қазақстандықтарға 42 500 теңге әлеуметтік көмек беріле ме?
© сурет интернеттен алынды
117
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден басталатын екі апталық карантин кезінде 42500 теңге әлеуметтік көмек беру мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді. Вице-премьер төтенше жағдай болмағандықтан, бұл төлемге заңнамалық негіз жоқ екенін айтты. «42 500 теңге көмегі тоқтады. Бірақ, әлі толық жұмысқа шыға алмай отырған мекемелер бар. Кәсіп иелері табыс жоқ болған соң, барлық қызметкерлерге әлеуметтік төлеу жасай алмаймыз дейді. Мұндай жағдайда халыққа енді әлеуметтік төлем жасала ма?», - деп сұралды. «Бұл - төтенше жағдаймен тікелей байланысты. Ары қарай төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін, оған ешқандай заңнамалық негіздеме жоқ. Сондықтан азаматтар мүмкіндігінше қызмет орындарында жұмыстарын жалғастыруы тиіс», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.