Министрлік дене қызуын түсіретін вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімін жариялады
Министрлік дене қызуын түсіретін вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімін жариялады
Фото: Интернеттен алынды
661
оқылды
Министрліктің мәліметінше, әр дәрі-дәрмектің бірнеше атауы болады. Оның ішінде халықаралық патенттелмеген атауы, химиялық және коммерциялық атауы бар. Халықаралық атауын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекітсе, химиялық атауы күрделі, айтуға қиын болуы мүмкін. Сондықтан сатылымға шыққан кезде фармкомпаниялар дәрінің атауын өз қалауынша қояды. Мәселен, цефтриаксон – препараттың халықаралық патенттелмеген атауы. Оны компаниялар саудаға шығарғанда Абитракс, Цефаксон, Аксон, Белацеф, Сефабел және басқа атаулармен сатады. Барлығының құрамында цефтриаксон бар. Сондай-ақ азитромицин дәрісінің де Азитромицин Сандоз® , Азитрус, Зитмак секілді түрі көп. Қазақстанның дәрі-дәрмек мемлекеттік реестрінде дене қызуын түсіретін парацетамол халықаралық патенттелмеген атауымен 86 дәрі тіркелген. Оның ішінде отандық препарат та, шетелде өндірілгені де бар. Сондай-ақ антибактериялық – 108, вирусқа қарсы 29 түрлі дәрі бар. Нақты тізімі:  width=  width=  width=  width=