«Қайрат» латвиялық клубты сотқа берді
«Қайрат» латвиялық клубты сотқа берді
Фото: Интернеттен алынды
130
оқылды
Алматылық «Қайрат» латвиялық «Даугавпилс» футбол клубын сотқа берді. 22 жастағы қазақстандық футболшы Рамазан Оразовты команда сапына алғаннан кейін «Даугавпилс» басшылығы «Қайратқа» өтемақы төлемеген. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының ресми сайты хабарлады. Талапқа сәйкес аталған клуб ойыншыны дайындағаны үшін өтемақы алады. FIFA бұл талап бойынша нақты шешім қабылдады. Латвия клубы 1 айдың ішінде «Қайрат» футбол клубына тиісті өтемақыны толық төлеуі қажет. Егер талап орындалмаса іс ФИФА-ның тәртіптік комитетіне жіберіліп,  «Даугавпилске» қарсы ауыр санкция қабылданады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр наурыз айында «Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Даугавпилс» командасымен келісімшартқа отырған болатын. «Қайрат» академиясының түлегі 2012 жылдан 2019 жылға дейін клуб сапында өнер көрсетті. Негізгі командамен 2019 жылдың маусымынан бастап жаттығып, 20 рет аталған клуб жейдесінде жасыл алаңға шықты. Сол маусымда ол Еуропа Лигасының квалификациясында да алғашқы дебютін өткізді.