Коронавирус кезінде Түркияда қанша қазақстандық демалып жатыр?
Коронавирус кезінде Түркияда қанша қазақстандық демалып жатыр?
©Сурет интернеттен алынды
124
оқылды
Рейстер қайта қосылғалы біраз қазақстандықтар Түркияға демалуға кеткен. Соның бірде-бірі елге көмек сұрап хабарласпапты.
Бұл туралы «Туристік Қамқор» қоры хабарлады. Олардың мәлімдеуінше, биылғы жылдың 30 маусымдағы жағдай бойынша Түркияға 454 қазақстандық кеткен. Оның 154-і елге оралған.
Осы уақытқа дейін қазақстандық туристердің ешбірі елден ешқандай көмек сұрамаған. Оған қоса, Сыртқы істер министрлігі де әзірге қазақстандықтардың елге өз бетінше орала алатынын жеткізді.  «Әзірге рейстер ұшып жатыр. Азаматтарымыз қажетінде мемлекеттің көмегінсіз де елге орала алады» - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.